Тарас Григорьевич Шевченко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тарас Шевченко
укр. Тарас Григорович Шевченко

1859.жыл
Туған кездегі есімі

Тарас син Григорія Шевченка

Лақап аты

Кобзарь Дармограй Перебендя

Туған күні

9 наурыз 1814 (1814-03-09)

Туған жері

Моринци ауылы, Звенигород уезі, Киев губерниясы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

10 наурыз 1861 (1861-03-10) (47 жас)

Қайтыс болған жері

Санкт-Петербург, Ресей империясы

Азаматтығы

Ресей империясы

Ұлты

Украин

Мансабы

Ақын, Прозаик, Жазушы, Драматург, Ойшыл, Суретші, Гравер

Шығармашылық жылдары

18261861

Бағыты

Романтизм, Реализм

Жанры

Проза, Поэзия, Повесть, Өлең

Шығармалардың тілі

Украин тілі, Орыс тілі

Дебюті

Кобзар (өлеңдер кітабы) 1840.ж

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Тарас Григорович Шевченко (орысша: Тарас Григорьевич Шевченко; 9 наурыз, 1814, Киев губерниясы, қазіргі Черкасск облысы Моринцы селосы – 10 наурыз 1861, Санкт-Петербург) — әйгілі Украин казак ақыны, прозаик, ойшыл, суретші, график, этнограф, қоғам қайраткері. Украинаның ұлттық қаһарманы және символы. Украин ұлттық қозғалысының қатысушысы, Кирилл-Мефодий бауырластығының мүшесі. Императорлық өнер академиясының академигі (1860).

Шевченконың поэзиясында орталық рөл атқаратын әдеби мұрасы, атап айтқанда, «Кобзарь» жинағы қазіргі украин әдебиетінің және көп жағынан әдеби украин тілінің негізі болып саналады.

Суретші ретінде де тарихта қалған. орыс әдебиетіне де үлес қосқан. Бірақ ең бастысы, әрине, украин әдебиетінің "жарық жұлдызы" болғаны, украин халқының санасын оятуының ұлттық нышаны болып саналады.

  • 1838 жылы Санкт-Петербург қаласында Көркемсурет академиясына қабылданады.
  • 1845 жылы Киев қаласына келіп, археологиялық комиссияға суретші қызметіне орналасты.
  • 1846 жылы Киев қаласындағы Кирилл-Мефодий қоғамына мүше болып енді.
  • 1847 жылы қамауға алынады.
  • 1848 жылы А.И.Бутаковтың басшылығымен Арал теңізін зерттеу экспедициясына қатысып, 350-ден астам пейжаз, портрет салды. Мысалы, "Атқа мінген қазақ", "Арал теңізінің жағасындағы қазақтың киіз үйлері", "Қосаралдағы қазақтардың қыстаулары", т.б.
  • 1950 жылы екінші рет қамалып, Маңғыстаудағы Новопетров қамалына (кейіннен Форт-Шевченко) жер аударылды. Оның "Киіз үйде отырған қазақтар", "Қазақ баласы от жағып жатыр", "Киіз үйде", "Келі түйіп түрған қазақ қызы", "Қазақ кызы Катя" суреттері осы кезенде салынған.
  • Шевченко Маңғыстауда 7 жыл болып, 1857 жылы босатылды.
  • 1857 жылы Санкт-Петербургке келеді.
  • 1860 жылы гравюра саласында академик болып сайланады.
  • Дәл крепостник құқығын жойылған жылы, 1861 жылы наурыздың 10-да Санкт-Петербургда қайтыс болған. Өзі крепостник шаруа болғанынан, крепостник құқығымен, Ресей империясының патша езгісімен украин халқының еркіндігі үшін күрескен.
Тарас Шевченко 1840.ж автопортреты

Кеңес үкіметі кезінде төңкерісшіл большевиктерге жақын идеяларының жақтанушы ретінде бағаланған. Қазір тәуелсіз Украинада украин халқының тәуелсіздігі менен ұлттық дамуы үшін күрескен қаһарман ретінде бағаланады. Халық ақыны болғандықтан, оны "ұлы кобзарь" деп атап кеткен. Патша үкіметіне қарсы шыққаны үшін, оны алдыменен Орынбор облысының Ор қамалына отырғызған, кейін сол облысқа қараған Қазақ даласына - Маңғыстауға айдап тастаған. Айдауда Гогольге, Жуковскийге шағым хаттарын жазады. Айдаудан соң, Тургеневпен жиі кездеседі.

Есте сақтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда оның есімімен қала, елді мекендер мен көше аттары аталады. Алматыда Шевченко атында көше және сол көшеде ескерткіш орнатылған.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Тарас Шевченко