Әлем тілдері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Алғашқы тіл отбасылар картасы
Тіл отбасылары

Әлем тілдері — жер шарын мекендейтін (немесе бұрын мекен еткен) халықтар тілдері. Олардың жалпы саны 2500-нан 5000-ға дейін. (Дәл санын анықтау мүмкін емес, себебі әр түрлі тілдер мен бір тілдің диалектілерінің арасындағы айырмашылық шартты түрде белгіленген). Аса кен тараған әлем тілдерінің қатарына (млн адам есебімен 1985 жылы мәлімет бойынша) кіретін тілдер: қытай (1 млрд-тан астам), ағылшын (420), хинди, оған жакын урду (320), испан (300), орыс (250), индонезия (170), араб (170), бенгал (170), португал (150), жапон (120), неміс (100), француз (100), пенджави (82), итальян (70), корей (65), телугу (63), маратхи (57), тамил (52), украин (45) тілдері. Бұл есепке оларда сөйлеушілермен бірге ұлтаралық, халыкаралык қарым-қатынас ретінде қолданушылар да кіреді. Барлык әлем тілдері туыстық қатынастарына қарай тілдік семьяларға бөлінеді. Олардың әр-қайсысы бір-біріне жақын диалектілер тобынан шыққан, көне замандарда бір тілдің диалектілері болған немесе бір тілдік одаққа кірген (қараңыз Генеалогиялық топтастыру).

Тіл семьяларының бір талайы тек жеке жер атаулары мен кірме элементтерде сақталған немесе із-түзсіз жоғалған деуге болады. Кейбір өте көне тілдерден сақталған ескерткіштердің (мысалы, криттегі иероглиф тілі) мағынасы ашылған жок. Кейбір өте көне мәдени тілдер (шумер, этрус) сонғы жылдарда бір қатар көрнекті зерттеулер барына карамастан, тілдердін генеалогиялық топтастырылуында әлі нақты орнын танқан жоқ. Америка, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Жаңа Гвинея және Океаниядағы көптеген тілдер әлі түбегейлі зерттеліп топтастырылған жоқ. Сол себепті казіргі ғылым адамзаттілі тарихының көрінісің тым болжалды түрде ғана аныктап отыр деуге болады.[1]

Билингвизм

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Екі немесе одан да көп тілде сөйлейтін адамдардың саны үнемі өсіп келеді. Мысалы, соңғы зерттеулерде, (штаттардың бірінде - жартысынан көбі) үнді студенттерінің елеулі бөлігі ана тіліне қарағанда ағылшын тілінде жақсырақ сөйлейді.

Ең көп таралған тілдік отбасылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үнді-Еуропа тілдері ~ 2,5 млрд қолданушылар, оның ішінде Үнді-Арий тілдері, герман тілдері және балтық-славян тілдері;
  2. Қытай-тибет тілдері ~ 1,2 млрд қолданушылар, оның ішінде негізгі қытай тілі;
  3. Орал-алтай тілдері (суботбасылардың құрылу деңгейі) ~ 500 млн қолданушылар, негізгі түркі тілдерін қоса алғанда.

Жаһандық маңызды тілдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі заманғы халықаралық деп қарастыруға болатын тілдер[2] (тілді меңгерген жалпы санының кему ретімен):

Рангі Тілі Ана тілі Екінші Қолданушылардың жалпы саны
1 Қытай тілі[3] 1,2 миллиард 300 миллионға дейін 1,5 миллиардқа дейін
2 Ағылшын тілі 500 миллион 1 миллиардқа дейін 1,5 миллиардқа дейін
3 Испан тілі[4] 425 миллион 125 миллионға дейін 550 миллионға дейін
4 Араб тілі[5] 300 миллион 120 миллионға дейін 420 миллионға дейін
5 Орыс тілі 160 миллион 100 миллионға дейін 260 миллионға дейін
6 Португал тілі[6] 230 миллион 30 миллионға дейін 260 миллионға дейін
7 Неміс тілі[7] 120 миллион 80 миллионға дейін 200 миллионға дейін
8 Француз тілі[8] 75 миллион 195 миллионға дейін 270 миллионға дейін

Халықаралық тілдердің таралу картасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Картада әрбір халықаралық тілдің таралуы көрсетілген.

БҰҰ-ның ресми тілдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ағылшын, араб тілі, испан тілі, қытай, орыс және француз тілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері болып табылады[9].

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Елдер:

Классификация
Санаты:

???

Тіл коды
ISO 639-1:

ISO 639-2:

ISO 639-3:

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика